Қазандық және шаң дайындау цехтарының жабдықтарын жөндеу жөніндегі cлесарь

3W07130402
23910 қаралым

Сипаттама

Қазандық және шаң дайындау цехтарының жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесары - негізгі және қосалқы жылу жабдықтарының күрделі тораптарын, бөлшектері мен механизмдерін бөлшектеу, жөндеу, қайта жаңарту, құрастыру, сынау, реттеу, баптау жөніндегі жұмыстарды орындайтын маман.

Қазандық және шаң дайындау цехтарының жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарьдың міндеттеріне ерекше күрделі айлабұйымдар мен механикаландыру құралдарын пайдалана отырып, қазандық агрегаттарының ерекше күрделі тораптары мен механизмдерін жөндеу, қайта жаңарту, құрастыру, баптау және сынау кіруі мүмкін. Дайындалған бөлшектердің сапасын және өлшемдерінің сызбаларға сәйкестігін тексеру. Әртүрлі жүйелер мен параметрлердің арматурасын жөндеу және баптау. Қазандықты бу тығыздығына тексеру және сақтандыру клапандарын реттеу, қазандық агрегатын жүктемемен сынау, жоғары қысымды, үлкен көлемдегі бу және су ысырмаларының нығыздағыш беттерін қалпына келтіру.

Қазандық және шаң дайындау цехтарының жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь - барлық технологиялық процестерде барынша мұқият және білімді талап ететін жауапты мамандық.

Мамандықты табысты игеру үшін химия, математика, физика, сызу бойынша базалық білімі болуы қажет. Жалақы жұмыс орнына, біліктілік деңгейіне және тәжірибесіне байланысты.

Ең төменгі тәжірибе, жоғары деңгейдегі маман болу үшін-5-7 жыл.

Табысты жұмыс істеу үшін шеберге бірқатар жеке қасиеттер қажет: ұқыптылық, тәртіптілік, жауапкершілік, бейімділілік. Сондай-ақ кәсіби қасиеттерде аса маңызды: жақсы денсаулық, назар аударушылық және қозғалысты үйлестіру, физикалық төзімділік.

Бұл кәсіптің артықшылығы-жақсы мамандарға деген сұраныс, біліктілік деңгейін жоғарылату мүмкіндігі, технологияны меңгеру, сонымен қатар кәсіби білім мен дағдыларды күнделікті өмірде қолдану.

Бұл мамандықтың кемшіліктері денсаулыққа ықтимал қауіптер: химиялық және физикалық факторлардың әсерінен туындаған аурулар. Апатты, қауіпті еңбек жағдайларды жедел жоюға дайын болуы қажет.

Жас мамандар үшін мамандықтың қауіп-қатермен байланысты екенін білу маңызды, медициналық қарсы көрсетілімдер бар. Жарақаттануды болдырмау үшін үнемі медициналық тексеруден өту керек.

Қалай түсуге болады

Қабылдау емтиханы:
Емтихансыз. Әңгімелесу

~
Орындар саны
0
Қазіргі үміткерлер саны

Бейіндік пәндер

Қайда жұмыс істеуге болады

Түлектер қазандық және шаң дайындау цехтарының жабдықтарын жөндеу жөніндегі слесарь көбінесе ЖЭС және қалалық қазандықтарда жұмыс істейді.

Бізді қалай таба аласыз

8(71036)4-59-82, 4-27-16, 4-62-45, 87712595051
bgtk@bk.ru
г. Балхаш ул.Караменде би 17 Мекен-жайды картада көрсету
https://bgtk.mycollege.kz/