Банк операциялары жөніндегі менеджер - бұл банктің ресми өкілі болып табылатын және әлеуетті клиенттерге өзі жұмыс істейтін банктің қызметтерін сататын маман.
Банк операциялары жөніндегі менеджердің міндеті жаңа адамдарды іздеу және клиенттерді тарту, келісімшарттармен, құжаттармен байланысты мәселелерді шешу, банк пен әлеуетті клиенттің талаптарын талқылау болып табылады.
Тәжірибесі аз банк операциялары жөніндегі менеджердің орташа жалақысы 150 мың теңге аралығында.
Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студенттің математика, құқық саласында білімі болуы керек, ДК және заманауи оргтехникамен жұмыс істей білуі керек.
Жоғары білікті маман болу үшін минималды тәжірибе – 5-7 жыл.
Банк операциялары жөніндегі менеджер мынадай қасиеттерге ие болуы керек: аналитикалық қабілеттер; сандармен жұмыс істей білу; коммуникабельділік; байсалды ұқыпты келбет; сауатты сөйлей алу; ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істеу қабілеті; дипломаттық.
Бұл мамандықтың артықшылығы - банк операциялары жөніндегі менеджер еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие мамандық. Сондай-ақ басқа кәсіптермен салыстырғанда ұзақ уақытты қажет етпейтін мансаптық өсу мүмкіндігі.
Жас маман бұл мамандықтың өте жауапты екенін түсінуі тиіс, өйткені ол ірі ақша ресурстарына тікелей қатысы бар сенімді тұлға және артқан сенімді жоғалтып алуға болмайды, сенім ақталуы тиіс.
Мамандықтың кемшілігі - материалдық жауапкершіліктің жоғары деңгейінде, мансапты құрудың бастапқы кезеңдерінде жалақының төмен болуында және жұмыстың бірқалыптылығында.
Бүгінгі таңда өмірдің бірде-бір саласы ақша операцияларынсыз және банкноттарсыз жүрмейді, сондықтан банктік операциялар жөніндегі менеджер кең мүмкіндіктері бар едәуір сұранысқа ие мамандық.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек