Тәрбиеші көмекшісі балабақшадағы балаларды бақылауды және оларға күтім жасауды қамтамасыз етеді, балаларға тамақтану, жуыну және басқа да гигиеналық процедураларды ұйымдастыруына көмектеседі, сондай-ақ оларды оқыту мен дамыуына атсалысады.
Осы саладағы маман тәрбиеші сияқты негізгі функцияларды орындай алуы тиіс, алайда осы біліктілік бойынша оқу мерзімі аз.
Жас тәрбиеші көмекшісінің орташа жалақысы 60-80 мың теңге аралығында.
Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу және одан әрі жемісті жұмыс істеу үшін студенттің биология, география саласында білімі болуы керек.
Жоғары білікті маман болу үшін минималды тәжірибе – 3 жыл.
Жас маман балалар арасындағы даулы жағдайлар, бейстандарттық жайттар сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін. Себебі кішкентай балалармен жұмысты алдын-ала болжап білу мүмкін емес, алайда бұл өте қызық.
Бұл мамандық әрқашан белсенді болуды талап етеді, мұнда мансаптық жоғарылау мүмкіндігі және институтта оқуын жалғастыру мүмкінгі бар.