Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу
Жаңалық

«Туралықты тұғыр еткен Төле би» тақырыбындағы адалдық сағаты

2021 жылдың 16-17 наурызында Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінде саналы ұрпақ еріктілер клубының мүшелері мен 1 курс студенттеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Саналы ұрпақ» еріктілер клубының бастамасымен «Туралықты тұғыр еткен Төле би» тақырыбында кезекті онлайн адалдық сағаты өтті.

«Адалдық сағаты» қазақ халқының шешендік өнеріне, ел бірлігін нығайтуға орасан үлес қосқан ойшыл, дана, туралығын айтар шешен Төле би бабамыздың жас ұрпаққа өнеге болар ғибратты ғұмыры мен өсиеттеріне, даналығы мен жеке қасиеттеріне арналды.

Онлайн отырыс барысында студенттерге Төле бидің тұлғалық қасиеттерімен, елге деген адалдығы мен әділдігі жайлы айтылды.

Төле би «Алдыңа келсе бітпес дау, әділін айтып қорғаңыз» деп әділдікті ең басты құндылық ретінде ұстанған.

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөзі адалдық пен парасаттылықтың, әділдік пен туралықтың бейнесі болып табылады. Төле бидің осындай қасиеттері бүгінгі жас ұрпақ үшін үлкен үлгі – өнеге екені сөзсіз. 


Медиа жаңалықтар

1 из 2

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

Жаңалық
2021 ж. 31 наурыз
Педагогикалық және медициналық мамандықтардың мемлекеттік білім беру тапсырысы

Педагогикалық және медициналық мамандықтардың мемлекеттік білім беру тапсырысы

Толығырақ
Жаңалық
2021 ж. 31 наурыз
1 курс студенттері арасында пікірсайыс турнирі өтті

Толығырақ
Жаңалық
2021 ж. 31 наурыз
Балқаш қаласы мектептерінің оқушылары кәсіби сынақтан өтті

Толығырақ
Жаңалық
2021 ж. 31 наурыз
Кәсіби сынақтар кестесі

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

8(71036)4-59-82, 4-27-16, 4-62-45, 87712595051
bgtk@bk.ru
г. Балхаш ул.Караменде би 17 Мекен-жайды картада көрсету
https://bgtk.mycollege.kz/