«Аспаптық орындау (аспап түрлері бойынша)» білім беру бағдарламасының мақсаты балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектептерінің жоғары білікті оқытушыларын, концертмейстерлерді, ансамбльдер, оркестрлер әртістерін (жетекшілерін) дайындау болып табылады.
Кәсіби қызмет объектісі: мәдениет және өнер мекемелері, орта және музыкалық мекемелер, музыкалық редакциялар бірлестіктері, баспахана, студия, БАҚ-тағы шығармашылық ұжымдар (оркестр, ансамбль).
Білім беру бағдарламасының оқыту мақсаттары студенттердің мынадай құзыреттертерді игеруі болып табылады:
- Музыкалық шығармаларды тұтастай әрі сауатты қабылдап, орындауы, жеке, оркестрлік, ансамбльдік репертуарды өз бетінше меңгеруі;
- Концерттік ұйымдарда, оркестрлік және ансамбльдік ұжымдарда атқарушы қызметін және репетиция жұмыстарын жүзеге асыру;
- Музыкалық шығармаға теориялық және орындаушылық талдау жасау, интерпретациялық шешімдерді іздестіру барысында негізгі теориялық білімді қолдану;
- Өз құралын орнату, жөндеу және баптау бойынша негізгі білімді қолдану;
- Репетициялық және концерттік жұмысты ұйымдастыруды, қызметті жоспарлау мен нәтижелерін талдауды қамтитын шығармашылық ұжымның музыкалық жетекшісінің міндеттерін орындау;
- Әр түрлі жастағы тыңдаушылардың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып, концерттік-тақырыптық бағдарламалар жасау;
- Балалар өнер мектептері мен балалар музыка мектептерінде, басқа да қосымша білім беру, жалпы білім беру мекемелерінде, ОКБ мекемелерінде педагогикалық және оқу-әдістемелік қызметті жүзеге асыру;
- Оқытушылық қызметте арнайы және музыкалық-теориялық пәндер, психология және педагогика саласындағы білімді пайдалану;
- Негізгі оқу-педагогикалық репертуарды меңгеру;
- Білім алушылардың кәсіби дағдыларын дамытуды жоспарлау;
- Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, кәсіби терминологияны меңгеру.
«Аспаптық орындау (аспап түрлері бойынша)» мамандығы бірнеше бағыт бойынша кәсіби мамандарды дайындайды:
-Балалар музыка мектебінің оқытушысы, халық аспаптары оркестрінің әртісі (дирижері);
- Балалар музыка мектебінің оқытушысы, эстрадалық аспаптар оркестрінің әртісі (жетекшісі);
- Балалар музыка мектебінің оқытушысы, концертмейстер.
Әр бағыт бойынша колледжде оқуды аяқтағаннан кейін жоғары білім беру ұйымдарында оқуын жалғастыруға болады.