Шет тілі мұғалімі – бұл мамандық мұғалім мәдениеттің түрлі көріністерінің эпицентрінде, ал оның жұмысы сан алуан білімнің тоғысуында болатындығымен қызықты, олай дейтін себебіміз - мұғалім тілді біліп қана қоймай, әдетте сол тілде талқыланатын көптеген заттар мен құбылыстарды да білуі қажет.
Шет тілі мұғалімі балалармен шет тілін меңгеру үшін жағдай жасауды қамтамасыз ететін ұйымдастырылған оқу қызметін жүргізеді. Балалардың бойында тұлғалық тілдік мәдениеттің қалыптасуына жағдай жасайды және олардың өзіндік ерекшеліктерін анықтай отырып, дамуына ықпал етеді. Оқытудың сан түрлі формасын, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын сауатты пайдаланады, инновациялық технологияларды қолдана біледі. Жоспарлауда ғылыми-әдістемелік тәсілдемені жүзеге асырады, дамытпалы оқытуға бағытталған сабақтардың бағдарламалық материалын жетілдіріп, түзете алады. Авторлық және альтернативті бағдарламаларды өздігінен әзірлей алады, аймақтық компонентті ескере отырып, әдістемелік құралдарды бейімдей алады. Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.
Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне, білім беру ұйымдарындағы балаларға арналған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге белсенді атсалысады, әрдайым өзінің кәсіби құзыреттілігін арттырып отырады. Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара қарым-қатынаста болады. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапты болады.
Маманның бойында мейірімділік, шыдамдылық, коммуникабельділік, сыпайылық, сезімталдық, әдептілік сияқты белгілі бір мінез-құлық қасиеттері болуы тиіс екендігін атап өткен жөн. Материалды тиімді әрі қызықты жеткізуі үшін мұғалімнің бойында шығармашылық пен ынталандыра алу қабілеті де болу керек. Өз пәнін (шет тілін) жақсы мегеруі үшін табандылық, кішігірім нәрселерге назар аудару, жақсы есте сақтау, тілдесім, стиль мен қарым-қатынас жағдайын сезіну қажет болады.
Орташа жалақы 80-120 мың теңге аралығында, еңбек өтіліне, жұмыс орны мен аймағына байланысты. Әрине мұғалім жалақысы көбінесе оның кәсіби деңгейіне де байланысты.
Тілдің «жалпы» құрылымын зерттеп шығу іс жүзінде мүмкін емес, өйткені шын мәнінде ол біз сөйлесетін, жазатын, еститін немесе оқитын белгілі бір нақты тақырыптарға қолданылатын құрылым. Сол себепті шет тілі мұғалімі тарихты, географияны, музыканы, әдебиетті түсіне білуі керек. Бұл мамандықтың негізгі тармағы оқылатын тілдің отандық мәдениетімен танысу болып табылады.
Жоғары деңгейдегі маман болу үшін минималды тәжірибе - 3-5 жыл.
Жас маман әлеуметтік, жас ерекшелігі, психофизикалық және өзіндік қасиеттерін, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім қажеттіліктерін ескере отырып, оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстарын жүзеге асыру қабілетінде тәжірибесінің болмауы сияқты қиындықтарға тап болуы мүмкін.
Осы мамандық өкілдері еңбек нарығында айтарлықтай сұранысқа ие. Білім беру мектептеріне, сондай-ақ әр жастағы оқушыларға тілдерді оқыту бойынша ақылы курстар ұсынатын коммерциялық білім беру орталықтарына жұмысқа орналаса алады. Сондай-ақ мұндай мамандар репетитор ретінде де жұмыс істей алады.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек