Электрмонтаждаушы – өнеркәсіптік және азаматтық құрылысты электрмен жабдықтау объектілерін реттеуді орындайтын білікті маман.
Электрмонтаждаушы тұрғын үйлерде электр тарту және жарықтандырумен айналысады, өндірістік цехтарда электр қозғалтқыштарын, трансформаторларды және басқа да жабдықтарды орнатады, әуе желілерін жүргізеді және жерге кабель желілерін жүргізеді.
Осы біліктілік бойынша ойдағыдай білім алу үшін студенттің физика, химия, сызу, АКТ саласында білімі болуы тиіс.
Тәжірибесі аз электрмонтаждаушының орташа жалақысы 100-150 мың теңге аралығында.
Маманның бойында мынадай жеке қасиеттер болуы тиіс: қозғалыстарды жақсы үйлестіру, физикалық күш пен төзімділік, дамыған кеңістіктік ойлау.
Жоғары білікті маман болу үшін минималды тәжірибе – 5-7 жыл.
Бұл мамандықтың артықшылықтары еңбек нарығында сұранысқа ие, көптеген кәсіпорындарға білікті электрмонтаждаушылар қажет, сонымен қатар бұл мамандық ең көп төленетін мамандықтардың бірі болып табылады. Мансаптық өсуіне мүмкіндігі бар. Егер қарапайым маманның мұндай мақсаты болса, онда ол осы салада көшбасшылық лауазымға ие болуы әбден мүмкін.
Жас маман үшін қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау, сынақ пен өлшеу құралдарын қолдана білу, сызбаларды оқу, төтенше жағдайларда шешім қабылдай білу маңызды.
Мамандықтың кемшілігі – еңбек жағдайлары қауіпті, жұмыс кестесі нормаланбаған. Көбінесе жұмыстың үлкен көлеміне және объектіні мүмкіндігінше тез тапсыру қажеттілігіне байланысты. Ашық аспан астында үлкен физикалық жүктемемен жұмыс істеуі мүмкін. Абайсыздықтың кез-келген көрінісі электр тоғының соғуына, тіпті өлімге әкелуі мүмкін.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек